Жарияланды: 800

Латвия Республикасы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына қызығады - В.Решетов

Латвия Республикасы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына қызығады - В.Решетов

Қазақстан халқы Ассамблеясының конференциясына қатысқан "Вести сегодня" газетінің шолушысы Владимир Решетов

ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімнің қазақстандық тəжірибесі Латвия еліне де керек деген ойын жеткізді. Бұл ойын ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мəлім етті. 

"ІІ Халықаралық Қазақстан халқы Ассамблеясының медиа форумына қатыса отырып, көп əсер алдым. Өз тарапымыздан көрген-білгенімнің барлығын Латвияға жеткіземін. Медиафорум жоғары деңгейде өтті. Ал медиафорумда қабылданған шешімдер Қазақстанның журналистеріне ғана емес, шет ел журналистеріне де тиімді", - дейді шетелдік журналист.
Владимир Решетов бұл тəжірибені Латвия еліне барып, жан-жақты ақпараттандыруға уəде берді. 
"Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясының осы тəжірибесі əлем бойынша шиеленістер көбейіп тұрған шақта өте керек деп ойлаймын. Латвияда ҚХА сияқты құрылым жоқ. Біздің елдің аумағы аз болғанымен, Латвия да көпұлтты ел. Елімізде этникалық ұйымдар бар болғанымен, оларды біріктіретін құрылым жоқ. Қазақстанның 20 жылғы тəжірибесі өз алдына жеке институт. Сондықтан Қазақстанда көрген-білгенімді біздің жаңа Президентке жеткізуге тырысамын",-дейді В.Решетов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін