Лебяжі ауданын әйел басқарады - Павлодар облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лебяжі ауданын әйел басқарады - Павлодар облысы

Лебяжі ауданын әйел басқарады - Павлодар облысы

Аудандық мәслихатпен келісіле отыра, Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Лебяжі ауданының әкімі болып Айзада Амангелдіқызы Құрманова тағайындалды,

  • 2 Маусым 2011
  • 567
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

А. Құрманова 1970 жылы Павлодар облысы Железин ауданы Абай ауылында дүниеге келді. Павлодар педагогикалық институтын тәмәмдады.

Еңбек жолын 1992 жылы орыс тілі пәнінің мұғалімі, кейін директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Ақшиман орта мектебінің директоры болды. 1998-2002 жылдары мұғалім, Екібастұз қаласының №10 орта мектебінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2002 жылдан бастап мемлекеттік қызметте — бөлім бастығы, Екібастұз қаласы ішкі саясат бөлімінің бастығы, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болды.

2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының бастығы міндетін атқарды.

А.Құрманова — аудан әкімі лауазымына отырған Павлодар облысындағы алғашқы әйел адам.

Соңғы жаңалықтар