Лениннен аумай қалған Абай ескерткіші: Степногор әкімі түсінік берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лениннен аумай қалған Абай ескерткіші: Степногор әкімі түсінік берді

Лениннен аумай қалған Абай ескерткіші: Степногор әкімі түсінік берді

Степногорcк қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев №6 мектеп-гимназиясының алдында орнатылған қазақтың ұлы тұлғасы Абай Құнанбаевтың бюст-ескерткішіне байланысты түсінік берді.

  • 23 Мамыр 2018
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

 Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Степногорск қаласындағы №6 мектеп-гимназиясының аумағында тұрған Абай Құнанбаевтың бюст-ескерткішіне қатысты видео тараған болатын. Видео авторы А. Құнанбаевтың бюстін Ленинге ұқсатып, осыған жол берген адамдарды сынға алды. Оның айтуынша, мұның алдында бұл жерде Владимир Лениннің ескерткіші тұрған. Кейін басына тақия кигізіп, Абайға ұқсата салған. Автордың пікіріне желі қолданушылары қосылып, өздерінің наразылықтарын білдіруде.

Осыған байланысты қала әкімі Әнуар Күмпекеев түсінік берді. Шаһар басшысының сөзінше, әлеуметтік желіде дауға іліккен бюстің орнатылғанына 40 жылға жуықтаған. Абайдың бюстіне дейін мектептің алдында ешқандай ескерткіш болмаған. «Степногорск қаласының №6 орта мектебі 1977 жылы ашылды. Оның ашылуы 31 тамызда өтті, ҚазСРО Халыққа білім беру министрлігінің шешімімен мектепке А.Құнанбаевтың есімі берілген. Мектеп екі корпустан (бастауыш және жоғары блок) тұрады, 2000 оқушыға есептелген. Екі жылдан кейін Алматы қаласында атақты жазушы және ақынға бюст құйылды. 1979 жылы қазан айында бюст Степногорск қаласына жеткізіліп, сәулетшілердің жоспарлауы бойынша №6 орта мектептің алдына орнатылған», — деп мәлім етті Әнуар Күмпекеев ҚазАқпарат тілшісіне.

Оқи отырыңыз:

Леннинің басына тақия кигізіп, Абай деп жаза салған — Ұлы ақынды қорлаған ескерткіш елдің ашуын келтірд
Елiмiзде 41 градус ыстық болады – Министр өрт қаупi жоғары екенiн айтты
Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді
 

 

Соңғы жаңалықтар