"Лесбиян болу оңай емес": Қыздармен ғана кездесетін ару өмірі туралы айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Лесбиян болу оңай емес": Қыздармен ғана кездесетін ару өмірі туралы айтып берді

"Лесбиян болу оңай емес": Қыздармен ғана кездесетін ару өмірі туралы айтып берді

Ресейдің Красноярск қаласында оқитын Севгия Субхани-Исмаилова есімді әзірбайжандық ару өз өмірі туралы айтып берді.

  • 5 Ақпан 2020
  • 455
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Севгия Субхани-Исмаилованың анасы қызының лесбиян болғанын білгеннен кейін оны Әзірбайжанға алып кеткен. Бойжеткен тарихи отанында үш күн шынжырға байланып, ит сияқты өмір сүрген.

Севгияның айтуынша, ол «өз құқықтары үшін күресуді бастағандықтан» зорлық-зомбылыққа душар болған.

«Мені қатты соққыға жықтым. Бірде анам мені аяқ киімдерге арналған ағашпен басымнан қатты ашумен ұрып жіберді. Үш күн ит сияқты аяқтарым шынжырда байланып тұрды. Түнде де сол шынжырға байланып ұйықтап жүрдім», — деп есіне алады әзірбайжандық ару.

Севгия қазіргі таңда анасын қара тізімге қосып, онымен мүлдем араласпайды. Ол енді оқуына көп көңіл бөлу керек деп шешім қабылдады. Севгияның анасы басылымға қызының Әзірбайжанға өз еркімен кеткенін айтады.

«Әрине, Кавказда лесбиян немесе гей адам болу өте қиын. Кейбір аймақтарда ондайлығы үшін тіпті қылмыс та болып жатады. Біз қорықпауымыз керек, керісінше күресуіміз керек», — дейді Севгия.


Севгия өзінің туыстарынан әлі де қорқатынын мойындады, өйткені «олар хайуандар», — дейді ару. Бойжеткен әрі қарай қалай өмір сүру керектігін білмейді. Севгия анасының дыбыстық хабарлама жіберіп, "көп қан жоғалтатынын", айтқан. Севгия анасының ашуланғанына айтқаны емес, анасының расымен де қылмыстық іске баратынына сенімді.

15 қаңтар күні Севгияның құрбысы Полина қызды еріксіз құжаттарын, телефоны мен антидепрессанттарын алып кеткенін айтты. Бойжеткен бірнеше рет қашып кетпек болғанымен қашуға мүмкіндігі болмаған.

17 қаңтар күні Севгия қашуға мүмкіндігі болып, Әзірбайжаннан қашып кеткен.

Соңғы жаңалықтар