Жарияланды: 400

Лифтке отырарда сақ болыңыз, еден төмен түсіпкетуі мүмкін!

Елдің зәресін алған лифт! Корейлік электроникалық тауар өндіруші компанияның бірі тұтынушыларына тосын жарнама жасады. Бірақ әдеттегідей тамсандыратын емес, керісінше шошытатын.

Жарнама лифт еденіне қондырылған мынадай 9 IPS-дисплей мониторымен жүргізілді. Әрі іштегі әрекетті бақылау үшін бірнеше жерге жасырын бейнекамера да қойылған. Ал нағыз қызық лифтке отырушы өзіне қажетті қабаттың түймесін басқанда басталады. Есік жабылысымен есті шығаратын дыбыс үдеп, кенет еден төмен түсіп кетеді. Іштегі адамды «өлген жерім осы шығар» деген ойда қалдырып. Биікке көтерілгендердің жүрегін ұшырған жарнама қазір көрілімі жағанын ғаламторда алдыңғы орында тұр. Роликті бір дегеннен 10 млн-нан астам адам тамашалаған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін