Лилия Рах сот залында қамаудан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лилия Рах сот залында қамаудан босатылды

Лилия Рах сот залында қамаудан босатылды

Алматы қалалық сотының аппеляциялық сот алқасы әйгілі сәнгер Лилия Рахқа қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

  • 26 Қаңтар 2017
  • 402
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық сотының аппеляциялық сот алқасы әйгілі сәнгер Лилия Рахқа қатысты сот үкімін шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот үкіміне сәйкес, Лилия Рах сот залында қамаудан босатылды.

Адвокаттар Лилия Рахты ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабына сәйкес, "қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, егер олар жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады" босатуын сұрады.

Сот үкімін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер бойынша аппеляциялық сот алқасының судьясы Бақытжан Қараманов оқыды. Сәйкесінше, әйгілі заңгер сот залында қамаудан босатылды.


Зергерлік дүкеннің иесі, Израиль азаматшасы Мира Пазға қатысты сот үкімі күшінде қалды. Ал Бақыт Шалбаев пен Ислам Месировтің қылмыстары басқа бапқа ауыстырылмады. Алайда сот сотталғандардың мүлкін тәркілеуден бас тартты.

Еске сала кетейік, қазақстандық белгілі сәнгер, Sauvage бутигінің иесі Лилия Рахтың ұсталғаны жайлы 23 тамызда белгілі болған еді. Қалалық соттың өкілдерінің айтуынша, ол — "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып, қанау мақсатында адам ұрлау" бабы бойынша күдікті болды.
 

Соңғы жаңалықтар