Литва ең ішкіш ел деп танылды
![]() |
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтерін жариялаған Business Insider басылымының хабарлауынша, 2000 жылдан бері Литвада алколгольді тұтыну үш есе артқан. |
Осы Балтық елінің әрбір тұрғыны орташа алғанда жылына 14 литр таза спирт ішеді. Одан кейінгі орындарда жылына тұрғындары орташа есеппен 10-11 литр шөлмекті босататын Австрия, Эстония және Чехия елдері тұр.
Түркия, Үндістан және Израиль алкогольді ең аз ішетіндер қатарында, бұл елдердің әрбір тұрғыны орташа есеппен 1-3 литрден аспайтын таза спирт тұтынады.
Еске сала кетейік, Литвада 4 қараша күні ұзаққа созылған ішуден кейін рецидивист удай мас күйінде тонау және алкоголь сатып алу мақсатында төрт зейнеткер кейуананы өлтірген, деп хабарлады «Литовский курьер» Regnum агенттігіне сілтеме жасап.
Литва премьері Альгирдас Буткявичюс отандастарды халық арасындағы алкоголизм мәселесін шешу үшін топтасуға шақырды, деп хабарлады «Комсомольская правда».
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін