Ливанда жарылыс болып, Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ливанда жарылыс болып, Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келді

Ливанда жарылыс болып, Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келді

Ливан астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

  • 5 Тамыз 2020
  • 172
Фото - Caravan.kz

4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттардың терезелері шағылды. Жергілікті биліктің алдын-ала ақпараты бойынша, теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ливандағы жарылыс салдарынан Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келгенін хабарлады. 

«Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келтірді. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды», — деп жазылған хабарламада.


Қазақстан дипломаттары жергілікті билік органдарымен жедел байланыста, Ливандағы Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы туралы ақпарат тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар