Локдаун Қазақстандағы ауа сапасын жақсартты - зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Локдаун Қазақстандағы ауа сапасын жақсартты - зерттеу

Локдаун Қазақстандағы ауа сапасын жақсартты - зерттеу

Қазақстанда соңғы 5 жылда алғаш рет атмосфераға шығатын зиян заттар көлемі төмендегені байқалды.

  • 13 Тамыз 2021
  • 39
Фото - Caravan.kz

Energyprom.kz мониторинг агенттігі мәліметінше, экологияның жақсаруына пандемияға байланысты карантин шектеулері әсер еткен, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

2020 жылы Қазақстанда ауаға шыққан ластаушы заттар мөлшері 2,4 миллион тоннадан асады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға аз. Эмиссияның төмендеуі соңғы 5 жылда алғаш рет тіркелді, 2015 жылдың басында бұл көрсеткіш 3,4 пайызға төмендеген еді.

100-ден аса елдегі ауа сапасын салыстыратын IQAir зерттеуіне сәйкес, 2020 жылы ол 2019 жылмен салыстырғанда 84 пайызға жақсарды, алайда 2021 жылы ластаушы заттар деңгейі бұрынғы қалпына келуі мүмкін.

2020 жылы стационар көздердің тазарту құрылыстары шығындылар мөлшерін 93,1 пайызға, 2019 жылы 93,2 пайызға ұстап, залалсыздандырды.

Негізгі ластаушы заттарға мыналар кіреді:


  • күкіртті ангидрид — 868,1 мың тонна;
  • көміртегі тотығы — 486,5 мың тонна;
  • азот тотықтары — 311,4 мың тонна.

Басқа ластаушы заттар — 775 мың тонна.

Атмосфералық ауаға шығарылған ластаушы заттардың 79,5 пайызы газ тәрізді және сұйық, 20,5 пайызы қатты заттар.

Атмосфералық ауаға шығарылған зиян заттардың жалпы көлеміндегі өнеркәсіптік кәсіпорындар үлесі жыл сайын артып келеді. 2016 жылы олар 80,8 пайызды, 2019 жылы — 85,8 пайызды, ал 2020 жылы — 86,6 пайызды алды.

Өңірлер арасында атмосфералық ауаға шығарылған зиян заттардың жартысынан көбі Павлодар (723 мың тонна) және Қарағанды (627,7 мың тонна) облыстарына келеді.

Едәуір көлемі Атырау (154), Ақтөбе (135,1), Шығыс Қазақстан (127,2) және Қостанай (123,4 мың тонна) облыстарында тіркелген.

Соңғы жаңалықтар