«Жыл басында «Evolution» сериясындағы тепловоздарды құрастырудағы қазақстандық үлес 18 пайызды құраған еді. Қазіргі күні бұл отандық қамту 23 пайыздан асады. Ал жыл соңына дейін осы үлесті 50 пайызға арттыруды, ал 2014 жылға қарай зауыттағы қазақстандық үлесті 70 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отырмыз», — деді зауыт басшысы. Оның айтуынша, отандық өнімге қажетті бөлшектердің қамтылуына қарай қазақстандық үлес 50 пайыздан да асатын болады.