Ломбардтар мен зергерлік бұйым сататын тұлғаларға мониторинг жүргізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ломбардтар мен зергерлік бұйым сататын тұлғаларға мониторинг жүргізіледі

Ломбардтар мен зергерлік бұйым сататын тұлғаларға мониторинг жүргізіледі

Еліміздегі қаржылық мониторинг жүргізілетін заңды және жеке тұлғалар тізімі кеңейтіледі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлім етті. 

  • 4 Мамыр 2015
  • 696
Фото - Caravan.kz

Еске салайық, Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұсаукесері өткен еді.

Заң жобасы бойынша қаржы мониторингілеріне жататын субъектілер тізбесі кеңейтіледі. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарға сәйкес, Қазақстан қаржылық қызмет көрсететін барлық тұлғаларды қаржылық мониторингімен қамтуы керек.

 «Осыған байланысты қаржы мониторингі жасалатын тізімге бес субъекті енгізіліп отыр. Атап айтқанда, біріншіден, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиялаусыз жүзеге асыратын тұлғалар, ломбардтар, қымбат бағалы металдар мен тастар және олардан әзірленген зергерлік бұйымдармен жасалатын операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға мониторинг жасалады. Бұдан бөлек, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату кезіндегі делдалдық қызмет көрсететін тұлғалар, төлем қабылдау жөніндегі операторлар да бақылауға жатады», — деді Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев.

Айта кетерлігі, қолданыстағы заңға сәйкес, қазіргі кезде 12 субъектісі қаржы мониторингісіне енгізілген.


Бұдан бөлек, заң жобасымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың және терроризмді қаржыландырудың алдын алу тәсілдері жетілдіріледі