Лондонда ЕАЭО даму келешектері жөнінде брифингтер өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондонда ЕАЭО даму келешектері жөнінде брифингтер өтті

Лондонда ЕАЭО даму келешектері жөнінде брифингтер өтті

Лондонда Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі

  • 17 Маусым 2015
  • 368
Фото - Caravan.kz

Тимур Сүлейменовтің қатысуымен ЕАЭО-ның даму келешектері жөнінде брифингтер өтті.

Корольдік қорғаныс және қауіпсіздік институтында өткен брифингке дипломатиялық миссиялар басшылары, Біріккен Корольдік мемлекеттік органдарының өкілдері, британдық жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының және жоғары оқу орындарының сарапшылары қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыханов брифингке қатысушыларды Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің даму барысымен таныстырды. Е. Қазыханов Еуразиялық экономикалық одақты құру идеясын 1994 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынғаны, ал ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылы Астанада қол қойылғаны жөнінде атап өтті.

Өз сөзінде ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Т. Сүлейменов Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының принциптері мен келешектері, ЕАЭО-ның құрылымы және механизмдері, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес, Еуразиялық экономикалық комиссия сияқты институционалды органдардың қызметі туралы баяндады.

Министр қатысушылардың назарын ЕАЭО туралы шартта экономикалық ынтымақтастық жөніндегі басты мәселелер бойынша шешімдердің консенсус негізінде қабылданатындығы және ұйымның әр мүшесіне арналған вето құқығы қарастырылғандығына аударды.


Брифинг барысында ЕАЭО-ның экономикалық және инвестициялық әлеуеті жоғары, әркімге де ашық бірлестік екендігі, сондай-ақ құрамында 180 миллионнан астам халқы бар әлемдегі аса ірі тұтыну нарығы екені атап өтілді.

Сондай-ақ, Т. Сүлейменов лондондық Ситидің британдық және халықаралық компанияларына арналған ЕАЭО жөнінде ұқсас таныстырылым өткізді.

Сонымен қатар, Т. Сүлейменов өзінің Лондонға сапары аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің саясат және серіктестік жөніндегі вице-президенті Филипп Ле Уерумен кездесті.