Лондонда Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына арналған халықаралық форум өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондонда Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына арналған халықаралық форум өтті

Лондонда Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына арналған халықаралық форум өтті

1946 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші отырысы өткен әйгілі ғимарат Орталық Вестминстер Холлында Республиканың Тұңғыш Президенті Елбасы Семей ядролық полигонын жабуы, тарихи шешімінің 30 жылдығына орай жоғары деңгейдегі форум өтті.

  • 10 Қыркүйек 2021
  • 2613
Фото - Caravan.kz

Форум Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның Лондондағы Елшілігі, Youth Fusion жастар ұйымының Ядролық қаруды таратпау және жою жөніндегі парламентарийлері (PNND) бірлесіп ұйымдастырған шара «гибридті түрде» өтті.

Бұл оның жұмысына бүкіл әлемнен қатысушылар мен спикерлерді қатыстыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Ағымдағы үрдістер мен болып жатқан шынай ахуалды ескере отырып, талқылау ядролық қатерлер мен жаһандық климаттық өзгерістер проблемасы арасындағы байланыс мәселесіне арналды.

ҚР Премьер -Министрінің орынбасары — ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары А.Марғұланұлы, сондай-ақ Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың атқарушы директоры Роберт Флойд қатысушыларды бейнеүндеу арқылы құттықтады.

Іс-шараға Ұлыбритания, Франция және басқа елдердің парламент мүшелері белсенді қатысты. Форумға белсенді қатысушылардың арасында Ұлыбританияның еңбек партиясының бұрынғы жетекшісі Джереми Корбин болды.

Жоғары қатысушылар жаһандық ядролық қарусыздануды ілгерілетудегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи миссиясы мен рөлін ерекше атап өтті.


Конференцияға қатысушылар Семей ядролық полигонында 1949-1991 жылдар аралығында жүргізілген сынақтар ол жабылғаннан кейін де Қазақстанның экожүйесіне елеулі зиян келтіріп жатқанын айтты.

Талқылау барысында біздің заманымыздың ең өткір екі жаһандық проблемасы айтылды. Олар: климаттың өзгеруі мен ядролық соғыс қаупі – адамзаттың өмір сүруі мен әл -ауқатына экзистенциалды қатер төндіретіні, бір-біріне қауіпті түрде әсер ететіндігі баяндалды.

Конференцияға 60-қа жуық делегат тікелей қатысты, ал онлайн байланыс арқылы қатысқандардың саны – 400-ге жуық.

Соңғы жаңалықтар