Лондонда ТМД елдерінің халықаралық кәсіпкерлік саммиті өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондонда ТМД елдерінің халықаралық кәсіпкерлік саммиті өткізілуде

Лондонда ТМД елдерінің халықаралық кәсіпкерлік саммиті өткізілуде

Бүгін, 25-маусымда Лондонда ТМД елдерінің 4-халықаралық кәсіпкерлік саммиті басталды,- деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі.

  • 25 Маусым 2003
  • 986
Фото - Caravan.kz

Саммитті ұйымдастырушылардың мәліметіне жүгінсек, форумға Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері Одағы, Украина өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері Одағы, Ресей мұнай экспорттаушыларының Одағы, РФ Сауда-өнеркәсіптік палатасы , Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы , Ұлыбритания-Ресейлік парламентаралық комитеті, Британдық өнеркәсіп Конфедерациясы, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Дүниежүзілік банк және Дүниежүзілік сауда Ұйымының өкілдері қатысуда.

Бизнес-саммитті бас пәтері Лондонда орналасқан жетекші кәсіпкерлік бастамалар Қауымдастығы ұйымдастырып отыр.
Форумда 2004-жылға болжанған әлемдік экономикалық өсуде Ресей мен ТМД елдерінің атқаратын ролі басты тақырып ретінде талқыланбақ. Халықаралық экономистер алдағы жылы жоғары дамыған өркениетті елдерде экономикалық өсу қайтадан басталады деп көріпкелдік айтқандықтан, форумға қатысушылар шетелдік жеке инвесторлардың стратегиялық мүддесі ТМД рыногіне қарай бет бұруы ықтималдығын сарапқа салады деп күтілуде.
Сонымен бірге, кәсіпкерлік саммитке қатысушылар Иракты қайтадан қалпына келтіру, Еуропалық Одақтың аясын кеңейту, Еуропадағы геосаяси ахуалдың өзгеруі барысындағы Ресей және ТМД елдерінің экономикалық ролінің өзгеруі туралы мәселені талқылайды.
ТМД елдерінің 4-халықаралық кәсіпкерлік саммиті аясында сондай-ақ, Қазақстанның экономикалық форумы өткізілмекші. Бұл — Орталық Азия аймағындағы ең қарқынды даму үлгісін көрсеткен еліміз тарапынан өткізіліп отырған алғашқы халықаралық ауқымды шара. Қазақстандық өкілдер басқа ТМД-лық әріптестерімен өз табыс құпияларымен бөліспек.
1998-жылдың мамырынан бері өткізіліп келе жатқан ТМД кәсіпкерлік саммиті — кәсіпкерлер, инвесторлар мен реттеуші органдар арасындағы көпжақты пікір алмасуға мүмкіндік беретін дүниежүзілік беделді бизнес-форумға айналды. Жыл сайын саммит жұмысына аймақта жұмыс істейтін дүниежүзіне танымал халықаралық және ұлттық компаниялар мен ұйымдардың 300-ге жуық басшылары қатысады.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, саммит — ТМД аясындағы және одан тысқары жатқан аймақтардың саясаткерлері мен кәсіпкерлері үшін өзара халықаралық ынтымақтастыққа жол ашатын өзіндік ерекшелігі бар бас қосу болып табылады. Онда ТМД елдерінің үкіметтік және іскерлік өкілдерінің мүддесіне бірдей қатысы бар өзекті мәселелер талқыланады.

Соңғы жаңалықтар