«Осы екі елшілік Лондон орталығындағы көшелерге автокөліктерін ережені бұза отырып қойғандары үшін 40 мың фунттан астам айыппұл төледі», — делінген бейсенбі күні сайтында жариялаған жаңалықтарында.
Бұл ретте, ҚазТАГ-қа ҚР СІМ-дегі ақпаратқа қанық дерек көзінің хабарлауынша, «ақшаның бір бөлігін ережені бұзған қызметкерлердің өздері (Қазақстан елшілігінің – ҚазТАГ) жеке қалтасынан төледі», деп айтты. Бірақ ол жеке қалтасынан елшілік қызметкерлері қанша төлегенін айта алмады.
ВВС мәліметтерінше, қазақстандық дипломаттар 627 түбіртек бойынша 37,16 мың фунт айыппұл төлеген.
«Қазақстан елшілігі Лондондағы басқа дипломатиялық өкілдіктермен салыстырғанда ең қасақана төлемеуші деп есептеледі – айыппұлдың жалпы сомасы $60 шамасында. Ал Нигерия елшілігі қазынаға 6 мыңнан астам ғана төлепті», — делінген хабарда.
Кейбір мемлекеттер, олардың арасында АҚШ та бар, congestionchargeдеп аталатын – Лондон орталығына көлікпен кіргені үшін төленуі тиіс жарнаны төлемегені үшін салынған миллиондаған айыппұлды төлеуден бас тартып отыр.
Елшілік өкілдері сongestioncharge үшін ол айыппұлды төлеуден бас тартып отырғанын дипломатиялық имунитет оларды ондай міндеттен босатады деп түсіндіреді.