Лотерея ойнап, үш айда екі рет 1 млн. долларды қалтасына басты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лотерея ойнап, үш айда екі рет 1 млн. долларды қалтасына басты

Лотерея ойнап, үш айда екі рет 1 млн. долларды қалтасына басты

АҚШ-тың Индиана штатындағы Индианаполис қаласының тұрғыны лотерея ойнап, небәрі үш ай ішінде екі рет 1 млн. доллардан ұтып алған.

  • 1 Тамыз 2014
  • 870
Фото - Caravan.kz

Fox News хабарлағандай, Роберт Гамильтон алғаш рет биылғы жылдың сәуір айында «120 млн. долларға аттракцион» лотереясын сатып алып, содан қомақты қаражат ұтқан. Ал үш айдан соң билеттерді түрлі қалаларда сатып алғандығына қарамастан, тұп-тура сол ұтысы қайталанған.

Бір емес, екі рет бағы жанып, қолы жүрген американдықтың айтуынша, ол алғашқы ұтқан қаражатымен қарыздарын өтеп, өзіне және әйеліне үй сатып алмақ. Әрі, теңізге барып демалуды да жоспарлап отырған көрінеді. Ал қалтасына екінші ойында түскен қаражатқа көптен бергі арманы — мотоцикл сатып алуды көздеп жүр екен.

Осы лотерея билеттерін шығаратын Hoosier Lottery компаниясының өкілдерінің айтуынша, мұндай басты жүлдені ұтып алу 2,1 млн. адамға шаққанда бір-ақ рет түсетін мүмкіндік екен.