Жарияланды: 210

Лотореядан ақша ұтқан әйел рак ауруынан жазыла бастады

Лотореядан ақша ұтқан әйел рак ауруынан жазыла бастады

Омырауында 4-дәрежелі қатерлі ісіктің бары анықталған Бишоп екі рет джекпот «ұтып алды».

Лотореядан 1,5 млн доллар ұтып алған Диана Бишоп енді жұмыстан шығып, бар уақытын қатерлі ісікті емдетуге жұмсамақ, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Омырауында 4-дәрежелі қатерлі ісіктің бары анықталған Бишоп екі рет джекпот «ұтып алды». Екінші жеңісі дәрілердің ағзасына әсер етіп, денсаулығының жақсара бастауымен байланысты. Сент-Джонста орналасқан Atlantic Lottery’s кеңсесінде чек макетін ұстап тұрған әйелдің қуанышында шек жоқ.

«Бұл ақшаға жаңа үй сатып алады немесе шетелге саяхаттайды деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Мен бұл ақшаны еміме жұмсайын деп отырмын. Құдды иығымнан ауыр жүк түскендей күй кештім. 4-дәрежелі қатерлі ісікті жеңе алмайтынымды білемін. Десе де, лотореядан ұтқан ақшаның арқасында өмірімнің соңғы сәттерін мәнді де мағыналы етіп өткізгім келеді», — дейді ол.

Қатерлі ісік Бишоптың жамбас сүйегі мен өкпесін зақымдаған. Жастары жиырмаға келіп қалған екі ұлы бар жалғызбасты ана үшін ауруы туралы есту оңай болмаған. Осыдан кейін көп уақыт таңертең төсектен тұра алмай қиналады. Мұнымен қатар, бір аяғын сылтып басып, қара күшті талап ететін жұмыстарды істей алмай қалады.

Жұмыс пен аурухана арасында жүгіріп жүрген әйел лоторея билетінен шыққан ұтысқа қатты қуанған. Енді ол жұмыстан шығып, өмірінің соңғы сәттерін ойдағыдай етіп өткізе алады. Дәрігерлердің айтуынша, Бишоптың лоторея ұтысынан кейін денсаулығы да, көңіл-күйі де жақсара бастаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін