LRT құрылысы бойынша экономикалық негіздемені бекіткен жоқпыз - Қаржы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
LRT құрылысы бойынша экономикалық негіздемені бекіткен жоқпыз - Қаржы министрлігі

LRT құрылысы бойынша экономикалық негіздемені бекіткен жоқпыз - Қаржы министрлігі

Осы ретте журналистер: «Бұл қаржы министрлігінің жобаның қаржылық есебіне мүлдем қатыспағанын аңғарта ма?» - деп сұрады. Бұл сұраққа вице-министр «жоқ» деп жауап берді.

  • 11 Қазан 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов ведомствоның елордада жерүсті метросы құрылысының жобасының экономикалық негіздемесін бекітпегенін айтты, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

Вице-министр сенат кулуарында журналистердің LRT құрылысы жобасының экономикалық негіздемесінің бекітілуіне қатысты сұрағына жауап берді.

«Қаржы министрлігі LRT құрылысы бойынша экономикалық негіздемені бекіткен жоқ. Заңнама талаптарына сәйкес, оны әкімшінің өзі бекітеді», — дейді Берік Шолпанқұлов.

Осы ретте журналистер: «Бұл қаржы министрлігінің жобаның қаржылық есебіне мүлдем қатыспағанын аңғарта ма?» — деп сұрады. Бұл сұраққа вице-министр «жоқ» деп жауап берді.


Айта кетсек, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласында LRT жеңіл рельсті жүйесін салу туралы істің егжей-тегжейін ашқан еді. Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар