Жарияланды: 1400

Луина продюсерімен ара-қатынасы жайында айтып берді

Луина продюсерімен ара-қатынасы жайында айтып берді

Луина продюсері Жомарт Сүлейменовпен 5 жылдан бері азаматтық некеде тұратынын мойындады. Одан бөлек, әнші продюсерімен ғана емес, оның анасымен және үш перзентімен бір шатырдың астында өмір сүріп келе жатқанын айтты.

«5 жылдан бері Жомарт менің продюсерім және осынша уақыт біз бірге тұрамыз. Оның үш баласы бар, олар да бізбен бірге. Менің балаларым жоқ. Біз әлі үйленген жоқпыз. Үйленген соң, балалы болуды ойланатын шығармыз… Біріншіден, бізге солай ыңғайлы. Айтпақшы, біз оның анасымен бірге тұрамыз. Бүгінгі таңда ресми емес болса да келін атанған жайым бар. Мүмкін келесі жылы біз қарым-қатынасымызды заң жүзінде тіркейміз», – деді әнші «Компромат» бағдарламасында.

Аталмыш бағдарламаға қонақ ретінде шақырылған журналистердің бірі: «Продюсермен не себепті байланысқа түстіңіз? Осылайша сіз онымен әрі қарай тегін жұмыс істеуді көздеген шығарсыз?» – деп сұрақты төтесінен қойды. Луина да оған қымсынбастан жауап берді:

«Менің түсінігімде, шоу-бизнес – ол отбасылық бизнес. Бүгінгі таңда менің директорым да жоқ. Барлық гастролдерге Жомартпен бірге барамын. Екеуміз әрқашан біргеміз. Екеуміздің бизнесіміз, қызығушылығымыз, көздегеніміз бір. Жомарт «Луина» жобасына бар жан-тәнімен берілген. Екеуміздің ресми келісім-шартымыз келесі жылы аяқталады. Бірақ бізге қазір қағаздың да қажеті жоқ. Мен бұл адамды жақсы көремін, оның жанында жайлы сезінемін. Ол менің жақын адамым болып кеткен. Оған өзімнен де артық сенім артамын».

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін