Лукашенко 300-ден аса күш құрылымы қызметкерін медальмен марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лукашенко 300-ден аса күш құрылымы қызметкерін медальмен марапаттады

Лукашенко 300-ден аса күш құрылымы қызметкерін медальмен марапаттады

Беларусь президенті Александр Лукашенко қарулы күштерде қызмет ететін азаматтарды медальмен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

  • 18 Тамыз 2020
  • 21
Фото - Caravan.kz

Құжат ұлттық құқық сайтында жарияланған, — деп хабарлайды TUT.by.

"Қызметтегі міндетін үлгілі атқарған ІІМ 300-ден аса басшысы мен қатардағы қызметкері І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Үздік еңбегі үшін" медалімен марапатталды. Тізім 25 бетке созылған", — деп жазды портал.

Бұдан бөлек Александр Лукашенконың қарсыласы Светлана Тихановская күйеуін туған күнімен құттықтап, видеоүндеу жасады және тергеу изоляторында отырған күйеуінің сөзін келтіргені айтылады.

"Ол және басқа саяси тұтқындар қамауда отыр. Ол сіздердің құр отырмай, елде жақсы өмір сүру үшін бәрін жасауды сұрайды. Туған күніңмен, Сергей", — деді Тихановская.