А.Лукашенко жолдаудан кейін парламент депутаттарының қойған сауалына: «Егер Америка құрама штаттарының Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуалды реттемек ойы болса жағдайдың оңалатыны сөзсіз», — деп жауап берді.
«Ал, егер АҚШ-тың ұстанымы басқаша болса, онда бейбітшілік орнамайды. Мұны елдің бәрі түсініп отыр. Мұны қарапайым адамдар да біледі», — деді ол.