Лукойл Каспийдің қазақстандық секторындағы 2 жобаны жабуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лукойл Каспийдің қазақстандық секторындағы 2 жобаны жабуы мүмкін

Лукойл Каспийдің қазақстандық секторындағы 2 жобаны жабуы мүмкін

Қаржылық жылдың соңына дейін Лукойл Каспийдің қазақстандық секторында екі жобаны жабу туралы шешім қабылдауы мүмкін, деп хабарлайды rbcdaily.ruсайты.

  • 22 Маусым 2011
  • 472
Фото - Caravan.kz

«Қаржылық жылдың соңына дейін Лукойл Каспийдің қазақстандық секторында екі жобаны жабу туралы шешім қабылдап, Колумбиядағы қызметін толығымен тоқтатуы мүмкін», — делінген сәрсенбі күні rbcdaily.ru сайтындағы ақпаратта.

Онда айтылғандай, қазақстандық жобалармен жұмысты жалғастырудан бас тартуға мұнайдың коммерциялық қорларының жоқтығы басты себеп болып отыр.

«Қазақстанға қатысты жағдайда Түпқараған және Аташ учаскелері туралы сөз болып отыр. 2004 жылы Лукойл бұл жобаларға кіргенде, олардың қорлары сәйкесінше 150 млн және 130 млн т (мұнай — ҚазТАГ) деп бағаланған болатын. Алайда 2005 жылы бұрғыланған алғашқы барлау ұңғымасы құрғақ болып шықты. Шикізат қорын іздеу бағытындағы одан кейінгі әрекеттер де еш нәтиже берген жоқ», — деп жазады РБК daily.

РБК Daily-дің ақпаратына сәйкес, қазақстандық жобалардан шығудың «ұзаққа созылатын салдары болуы мүмкін». «Аймақтың мұнай-газдылығын қайта бағалау мәселесі туындайды. Каспийдің қазақстандық секторы Лукойл үшін шешуші мәнге ие. Оған қатысты жоспар көп, соның бірі КҚК (Каспий құбыры консорциумы — ҚазТАГ)», — деп мәлім еткен ресейлік сарапшы Дмитрий Александровтың сөздері сайтта келтірілген.

Бұдан басқа, Лукойл колумбиялық жобалардан да шығуды көздеп отыр. РБК daily-дің хабарлауынша, «біз ұзақ уақыт бойы қосымша иневстор іздедік, бірақ бәрі нәтижесіз», — деп мәлім етті компанияның өкілі. Сондай-ақ, ресейлік корпорация Венесуэладағы «Хунин-3» блогын ұлттық мұнай консорциумына ( «Роснефть», Лукойл, ТНК-ВР, «Сургутнефтегаз» және «Газпром-нефть» кіреді — ҚазТАГ) беруді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар