Лұқпан Жолдасов: Асхат Садырбай Арыс оқиғасында да, Мақтаралды су басқанда да халықтың жанынан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лұқпан Жолдасов: Асхат Садырбай Арыс оқиғасында да, Мақтаралды су басқанда да халықтың жанынан табылды

Лұқпан Жолдасов: Асхат Садырбай Арыс оқиғасында да, Мақтаралды су басқанда да халықтың жанынан табылды

Лұқпан Жолдасов журналист, тележүргізуші Асхат Садырбады мақтап, оған қолдау көрсетуге шақырды.

  • 15 Қыркүйек 2020
  • 358
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Елімізде болып жатқан әр бір шараға біз де бей-жай қарамаймыз. Бірнеше күннен бері праймериз жайлы әлеуметтік желіде көп жазылып жатыр. Осы партияішілік додаға түсіп жатқандардың бәрі де мықты азаматтар.

Соның ішінде біз өзіміз жақсы танып білетін, қоғамдық істерге белсене араласып, әр мәселеде ашық пікірін білдіруден қашпайтын, өз ісінің маманы, журналист Асхат Садырбайды қолдауды жөн көрдік. Асхатты көпшілігіңіз білесіздер, Арыс оқиғасы, Мақтаралды су басқан кезде, әлемдік пандемия өршіген сәтте халықтың қасынан табылып, қолынан келгенше елге қызмет етті.

Қазір де өз бағдарламасын жастарды қолдауға, жастар арасындағы жұмыссыздық, баспана мәселесіне, жалпы жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге және олардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға бағыттаған екен. Бізге Асхаттың бағдарламасы өте ұнады. Болашақ жастардың қолында! Сондықтан біз жастарды, жас мамандарды қолдаймыз!Асхат, сәттілік серігің болсын!", — деп жазды Жолдасов.

Бұған желі қолданушылары түрлі пікір жазды.


"Пайда жоқ Билік ауыспай ештеңе өзгермейді 101%", "Дұрыс жақсы жігіт, халық жағында", "Бұл кісі жақсы болса неге ажырасады?", — деп жазды.

Соңғы жаңалықтар