М-32 автожолының «РФ шекарасы - Шымкент» учаскесіндегі жұмыстар аяқталуға таяу - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
М-32 автожолының «РФ шекарасы - Шымкент» учаскесіндегі жұмыстар аяқталуға таяу

М-32 автожолының «РФ шекарасы - Шымкент» учаскесіндегі жұмыстар аяқталуға таяу

М-32 автожолының Оңтүстік Қазақстан облысындағы «РФ шекарасы (Самара бағытында) - Шымкент» учаскесіндегі жұмыстар аяқталуда, деп  хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 30 Шiлде 2014
  • 495
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі кезде Қызыл Әскер кенті, Түркістан қаласы және Иқан ежелгі қалашығы арқылы өтетін жалпы ұзақтығы 81 шақырым екі учаске пайлануға берілді. Жыл соңына дейін Иқан — Төрткөл — Ақшығанақ, Бадам — Темірлан — Алтынтөбе кенті, Шұбар су-2 кенті, Шымкент — Шымкент қаласының айналма жол арқылы өтетін қалған 5 учаске пайдалануға беріледі», — делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, бүгінгі күні аталған учаскеде 13 млн. текше метр көлемінде топырақ жұмыстары аяқталып, 238 шақырымда цемент-бетон жамылғысы және 30 көпір салынды. Сондай-ақ, 14 көлік айрықтары, 6 жол өтпелері мен 293 құбыр төселді. Жобаны жүзеге асыруға 1600-ден аса техника мен 10 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Учаске 7 лотқа бөлініп, 7 мердігерлік компаниялар тартылды.

Айта кетерлігі, «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» дәлізін қайта салу жобасы аясында 2011 жылдан бастап М-32 автомобиль жолының Оңтүстік Қазақстан облысындағы «РФ шекарасы (Самара бағытында) — Шымкент»  учаскесінде жұмыстар жүргізілген еді. М-32 автомобиль жолының «РФ шекарасы (Самара бағытында) — Шымкент»  учаскесінің құрылысы аяқталған соң, 2057-2260 шақырымдары 4 жолаққа дейін кеңейтіліп, І техникалық санатқа жататын болады.