Жарияланды: 90

Мәдениет министрі Димаш пен Қайрат Нұртастың бір деңгейде екенін айтты

Мәдениет министрі Димаш пен Қайрат Нұртастың бір деңгейде екенін айтты

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамадиұлы әлемді мойындатқан қазақ әншілер туралы айтты.

Оның пікірінше, қазіргі таңда қазақ эстрадасы өте жоғары деңгейде.

«Эстрада өнері өте жоғары деңгейде. Сөзіме мысал келтірейін. Мен тек Димаш Құдайбергеннің, Қайрат Нұртастың, Мәдина Сәдуақасованың концертінен басқа да концерттерді айта аламын. Мысалы, Назима Мәскеуде және басқа елдерде өнер көрсетіп жүр», - деді министр Үкімет отырысынан соң журналистерге.

Осы орайда ол Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі концертіне тоқталды.

«Димаштың Мәскеуде екі концерті өтеді. Екінші концерт 23 наурызда болады. Бұл (ресейлік продюсер, композитор – автор) Игорь Крутой мен Димаштың бастамасы», - деді Арыстанбек Мұхамадиұлы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть