Мәдениет министрлігі Кенесары ханның бассүйегін қайтаруды жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет министрлігі Кенесары ханның бассүйегін қайтаруды жоспарлауда

Мәдениет министрлігі Кенесары ханның бассүйегін қайтаруды жоспарлауда

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Кенесары ханның бассүйегін елге қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 6 Қазан 2016
  • 556
Фото - Caravan.kz

«Біздің еліміздің тұтастығын сақтап, елдігін қорғаған батырларымыз өз Отандарында құрметпен жерленуі тиіс деп ойлаймын. Мен кезекті жеңіске қол жеткізгенімізді үлкен қуанышпен атап өткім келеді (таңертең Астанаға Кейкі батырдың бассүйегі әкелінді. — ред). Кенесары ханның бассүйегіне келетін болсақ, онымен де дәл сондай жұмыс жасалуда. Бұл өте қыруар жұмыс. Меніңше, біз осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз және бір нәтижеге қол жеткізе аламыз», — деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.

Кенесары Қасымов — Абылай ханның немересі, чингизидтер тұқымынан. 1802 жылы туған. Қазақ хандығының соңғы ханы. 1841 жылы ол ақ киізге отырғызылып, хан сайланады. 1837-1846 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Ресей империясының қыспағына, Қоқан мен Хиуа хандықтарының озбырлығына қарсы тұрған қолбасшы. Дегенмен, 1847 жылы Кенесары хан сатқындардың қолынан қаза тауып, қазіргі Қырғызстан жерінде денесі жерленген, ал бассүйегі Ресей империясына Омбыға жөнелтілген.

Оның мүрдесін іздеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда. Бір нұсқа бойынша, оның бассүйегі 1930 жылдарға дейін Омбы қаласында болған, оның одан кейінгі тағдыры құпия қалып отыр.

Айта кетейік, Кейкі батырдың бас сүйегі бүгін таңертең Мәскеуден арнайы бортпен елордаға жеткізілетінін естіген жұрт Астанадағы халықаралық әуежайға жиналған болатын. Алайда, бас сүйекті жиналған қауым салтанатты түрде қарсы ала алмағанын хабарлаған болатынбыз.

Бұл жайлы саясаттанушы, қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы: «Біздің естіген ақпаратқа сүйенсек, батырдың бас сүйегі арнайы рейспен келіп жетті. Осы орайда еліміздің танымал ғалымы, белгілі этнограф, профессор Нұрсан Әлімбай Ресейде бас сүйекті қабылдап алып, елге жеткізді деп естідік. Енді ғалымдар арнайы сараптама өткізетін болар. Батыр бабаның бас сүйегін салтанатты түрде қарсы алу керек еді, өйткені Астана әуежайына ел азаматтары, батырдың ұрпақтары мен туыстары келді. Бұл тұрғыда күндіз Үкімет ресми түрде өз мәлімдемесін жасайды деген ойдамын», — деп пікір білдірген болатын.


Ресей  тарапымен бас сүйекті Қазақстанға қайтаруға көп жылдан бері келіссөздер жүргізілді. Осы ретте, биылғы 12 тамызда ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовтің өтініші бойынша РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведев Кейкі батырдың бас сүйегін Астанаға қайтарып беру жағын қарастыруға уәде берген болатын.

Соңғы жаңалықтар