Мәдениет министрлігі Сурдлимпиада комитетін сотқа береді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет министрлігі Сурдлимпиада комитетін сотқа береді

Мәдениет министрлігі Сурдлимпиада комитетін сотқа береді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Ұлттық құрамасының Сурдлимпиададағы ойынына қатысты пікір білдірді.

  • 6 Мамыр 2022
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бразилияда өтіп жатқан жазғы Сурдлимпиадаға Ұлттық құрама командасынан сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 59 спортшы  қатысып жатқаны белгілі.

Министрліктің мәліметінше, ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитеті ҚР Занамасына қарамастан, өз тараптарынан жариялап бірқатар спортшыларды, оның ішінде Қанафин Еркебұланды жарысқа апарған.

"Қанафин Еркебұлан бұрын — соңды есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі емес және дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарында тіркелмеген. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде аудиограмма нәтижелері және жалпы спортшының денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Бұған қарамастан Ұлттық Сурдлимпиадалық комитет Е.Канафинді өз есебінен жарысқа жіберіп, Қазақстанның беделіне әлемдік спорт қоғамдастығының алдында нұқсан келтірді және спорттық этикалық қағидаларды бұзды", — делінген хабарламада.


Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық құрама команданың тізімін қалыптастыру кезінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасы Чемпионатының қорытындысы бойынша ел чемпионы Айдос Түгелбаевты енгізгенін айтты.

Министрлік Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің үстінен арнайы сот органдарына шағым түсіретінін ресми түрде мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар