Мәдина Қожабалуан: "Елбасы медалі" жобасы маған қатты әсер етті"
![]() |
Жан-жақты даму мен үздік білім алуға мүмкіндік берген «Елбасы медалі» жобасының қатысушылары қай кезде де белсенді. |
Атырау қаласындағы Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы, «Елбасы медалі» жобасының қола жүлдегері Мәдина Қожабалуан жобаның қатты әсер еткенін айтады.
- Менің өмірім жобаға дейін және одан кейін екіге бөлінді деп айтуға болады. Күткенімнен де асып түсті! «Елбасы медалінің» арқасында көп өзгердім. Жобаның 7 бағыты маған оқу мен шығармашылықты үйлестіруді үйретті, еріктілікке жол ашты. Өмірім жақсы жаққа өзгерді. Әлем туралы көбірек біліп, түсіне бастадым, - дейді Мәдина.
Мәдина енді әрдайым мұқтаж жандарға көмектесіп, елдің дамуына үлес қосып, университетке оқуға түспек.
Мәдинаға зор денсаулық пен арманының орындалуын тілейміз!
«Елбасы медалі» жобасы туралы толығырақ 8 800 080 48 48 нөмірінен немесе fnn.kz сайтынан білуге болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін