Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желіде алғаш рет ұлының суретін жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желіде алғаш рет ұлының суретін жариялады

Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желіде алғаш рет ұлының суретін жариялады

Қазақтың танымал әншісі Мәдина Сәдуақасова босанғаннан кейін тұңғыш рет Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында фотосуреттерін жариялады. 

  • 18 Тамыз 2014
  • 664
Фото - Caravan.kz

Ондағы кей суреттерде әнші достары және әріптестері Қарақат Әбілдина және Маржан Арапбаевамен бірге бейнеленсе, келесі суреттерінде екі айлық ұлы Әнуармен бірге түскен. Енді бір суретінде Мәдина атақты әнші, актриса әрі тележүргізуші Айгүл Иманбаеваның жанында.

Сонымен қатар Мәдина өнерсүйер қауымға әлеуметтік желілердегі өзі туралы таратылған жалған мәліметтерге сенбеулерін өтініп, тек өзінің ресми парақшаларындағы ақпараттардың шындыққа жанасатынын айтады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, маусым айында Мәдина Сәдуақасова ұлды болған еді. Танымал әншінің сүйген жары республикалық телеарналардың бірінде режиссер болып қызмет атқарады.


ә