Мадрид тұрғыны лотереядан 25 миллион еуро ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мадрид тұрғыны лотереядан 25 миллион еуро ұтты

Мадрид тұрғыны лотереядан 25 миллион еуро ұтты

Мадрид қаласында Еуропада танымал «Еуро миллиондар» (EuroMillones) лотереясының билетін сатып алған адам жүлдені ойнату кезінде 25 миллионға жуық еуроны ұтып алды.

  • 22 Маусым 2015
  • 284
Фото - Caravan.kz

Әзірге жаңа миллионердің есімі аталмай отыр, оның тек билетті сатып алған нақты мекенжайы ғана айтылды, деп хабарлайды EFЕ агенттігінен.

Билет жеңімпазы 24 835 107 еуро сомасындағы ұтысты қанжығасына басты. Испанияның түрлі бөліктерінде сатып алынған тағы алты билет олардың иелеріне екінші сыйақы — әрқайсысына 122 938,83 еуро ұтысын әкелді.

«Еуро миллиондар» (EuroMillones) — 2004 жылы Францияның Franсaise des Jeux, Испанияның Loterias y Apuestas del Estado және Британияның Camelot Group лотереялары бірігіп ұйымдастырған ұлтаралық лотерея болып табылады. Оған Ұлыбритания, Франция, Испания, Австрия, Бельгия, Ирландия, Люксембург, Португалия және Швейцарияның тұрғындары қатыса алады.