"Маған әлі бұйырмады": Қайрат Нұртас Димаш Құдайбергенге қалай қызығып жүргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Маған әлі бұйырмады": Қайрат Нұртас Димаш Құдайбергенге қалай қызығып жүргенін айтты

"Маған әлі бұйырмады": Қайрат Нұртас Димаш Құдайбергенге қалай қызығып жүргенін айтты

Қайрат Нұртас өнердегі інісі Димаш Құдайбергенге қызыға қарайтынын айтып, оған сәттілік тіледі.

  • 24 Шiлде 2019
  • 90
Фото - Caravan.kz

«Менің бала кезден арманым Джеки Чанмен өмірде кездесу еді. Маған әлі бұйырмады, бірақ Димаш бауырыма бұйырып, талантымен бүкіл дүниежүзін таңқалдырып жатқанына қуаныштымын! Алланың құдіреті шексіз ғой. Басыңнан бағың таймасын, Димашжан», — деді Қайрат Нұртас. 

Жас әнші Димаш Құдайберген де ағасына деген ыстық ықыласын жасырмады. 

«Қайреке, Алла разы болсын сізге. Аман болыңыз», — деп жауап қайырды ол. 

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде «Болар елдің баласы бір-бірін батырым дейді» деп, қос жұлдыздарының достығына ризашылықтарын білдірді. 


Сондай-ақ, әнші Серік Ибрагим де олардың достығына қызыға қарап, «Екеуіңнің де бастарыңнан бақ таймасын, бауырлар» деп жазды. 

Соңғы жаңалықтар