«Маған да оңай емес»: Әнұранды «менсінбеген» қос журналисті видеоға түсіріп, желіні шулатқан адамның кім екені анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Маған да оңай емес»: Әнұранды «менсінбеген» қос журналисті видеоға түсіріп, желіні шулатқан адамның кім екені анықталды

«Маған да оңай емес»: Әнұранды «менсінбеген» қос журналисті видеоға түсіріп, желіні шулатқан адамның кім екені анықталды

Желіде кешелі бері қызу талқыға түскен әнұранға құрмет көрсетпеген өзге ұлт өкілдерінің қос журналистіне қатысты шу басылар емес. Мемлекеттік рәміз шырқалғанда видеоға түсіріп, желіге жүктеген адамның кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Сaravan.kz.

  • 31 Наурыз 2023
  • 741
Фото - Caravan.kz

Анықталғандай аталған бейнежазбаны журналист Аягөз Құрмаш түсірген. Сонымен бірге ол мұндай видеоны жай түсіргенін, оның осыншалықты шу болатынын білмеген айтады.

«Қайырлы кеш, мен түсірген видео жер жиһанға тарап кеткен соң, үндемей қалған дұрыс емес деп шештім.

Мәжілістің жалпы отырысындағы видео тек өзіміз үшін түсірілген. Әлеуметтік желіге салынғаны рас. Тек Әнұран кезінде кімнің отырғаны, кімнің тұрғанына видео салынғанда назар аударылмады. Мен ұлтқа бөлінмеймін. Ақпараттық алаңда көз үйреніп, көріп жүрген әріптестерімді сыйлаймын.

TikTok-та базбіреулер көшіріп, бұрмалап, арандатушылыққа барады деп ойламадым. Мен үшін буллингке ұшыраған әріптестерімнен кешірім сұраймын. Журналистердің жұмыс барысын (кухнясын) көрсеткен менікі де дұрыс емес шығар, бәлкім.

Қайталап айтамын, ондай мақсатым болмаған. Мені жақсы танитын әріптестерім біледі. Шынымды айтсам, маған да оңай емес. Қоғамға пікірталас керек. Барлығын түсінемін. Бұл оқиғадан барлығымыз сабақ алдық деп ойлаймын», — деп жазды ол.

Десе де қазақ журналистері мен көпшілік әлі де қос журналистен ресми пікір мен олардың заң жүзінде жазаланғанын күтіп отырғандарын жеткізген.

«Салғаныңыз дұрыс болды, кімнің кім екенін білдік», «Сіздің кінәңіз жоқ, кінә мына кісілерде, кешірім сұрап құтылатын шығар», «Кешірімі керек жоқ бізге, айыппұл төлесін» деп жазды олар.