Маған несие алып бер дейді: Қарағанды облысында мұғалімдер мен ата-аналар мектеп директорының үстінен арыз жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маған несие алып бер дейді: Қарағанды облысында мұғалімдер мен ата-аналар мектеп директорының үстінен арыз жазды

Маған несие алып бер дейді: Қарағанды облысында мұғалімдер мен ата-аналар мектеп директорының үстінен арыз жазды

Қарағанды облысында тағайындалғанына екі ақ жыл болған директордың үстінен мектеп ұжымының 20 қызметкері мен 27 ата-ана прокуратураға арызданыпты.

  • 15 Маусым 2018
  • 69
Фото - Caravan.kz

Олар құзырлы органдандарға «мектеп директоры күштеп несие алғызып, ақша талап етеді» деген шағым қалдырған. Ал қазір ауруханада жатқан мектеп директоры, айтылғандардың барлығын «жала» дейді.

Бұл мектепте айқай-шусыз бір күн де өтпейтін сияқты. Жаңа директор келгелі екіге бөлініп алған ұжым бір-бірімен жаға жыртысуға дайын. 

Ұжымның кейбір қызметкерлері ұстаздарға қосымша сағат жаздыртып алатын басшы оның жалақысын өзі алып отырған жайттар да болған дейді. Жиналғандардың басқа да шағымдары бар.

«Ол кісі мен кабинетіне жеке шақырады да айтады, маған кредит алып бер дейді. Ол кредитті мен айттым ала алмаймын деп. Директор вахтердің орнына жұмысқа алу үшін  бес айлықты маған беріп отырасың деді. Мен оны алмаймын ол кісі алып отырады», – дейді мектеп қызметкері Жанна Зұлпхарова.

Мектеп басшысы қазір ауруханада жатыр. «Атыма жала жапты, сотқа берем» деп отыр.

«Ешқандай жаңағындай менің тарапымнан, жаңағы, кредит алып берді, қандай тағы бір жағдайлар бойынша, бес ай бойы жалақымды алып отырды деген бойынша барлығы бұл жала маған жауып отырған. Жұмыс орныма таласушылық, қысым көрсетушілік»
, – дейді Шет ауданы Ақой жалпы білім беру мектебінің директоры Жанар Жаманадина.

Ал білім бөліміндегілер прокуратурадан жауап күтіп отыр.

«Заңсыз жұмыстан шығаруға ондайға жол берілмейді. Мен бұл жерде мектеп директорыныкі дұрыс деп нақты екі жақты да қолдап тұрған жоқпын», – дейді Шет аудандық білім бөлімінің басшысы Елдос Смағұл.

Бұған дейін де бір рет арыз түсіп, заңсыздық анықталмаған соң іс жабылған. Енді екінші рет шағымданған ата-анадар біржақты болмаса, балаларын күзде оқуға жібермейміз деп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар