Mail.ru құпия сөз пайдалану қызметін алып тастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Mail.ru құпия сөз пайдалану қызметін алып тастайды

Mail.ru құпия сөз пайдалану қызметін алып тастайды

Mail.ru пошталық қызметі құпия сөзді пайдалануды басқа әдістермен ауыстырады. Бұл туралы компанияның өкілдері хабарлады.

  • 26 Маусым 2019
  • 20
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, компания алдымен бір жолғы кодты SMS арқылы жіберуді немесе push-хабарлама арқылы авторизациялауды жоспарлайды. Бұл код сұранымның уақытында жасалады және шектеулі уақытқа ғана және тек бір рет пайдалануға жарамды.

Осындан соң Mail.ru құпия сөзсіз пошта жәшіктерін жасайды немесе бұрын жасалған пошта жәшіктерінде құпия сөзді пайдаланудан бас тартуды жоспарлайды. Бір реттік құпия сөзге қосымша компания физикалық құрылғылар мен биометриялық деректерді пайдаланатын аутентификация әдістерін енгізеді.

Осылайша, пошта қызметі пайдаланушы деректерін қорғау қауіпсіздігін жақсартуды ойластыруда.

"Пошта жәшігі көп жағдайда барлық басқа пайдаланушы қызметтеріне арналған кілт, сондықтан пошта жәшігінің қауіпсіздігі өте маңызды. Болашақта енгізілетін әдіс пошта қауіпсіздігін едәуір арттырады, себебі құпия сөз болмаса, оны жоғалтып алу деген болмайды", — деп түсіндірді Mail.ru Group компаниясының вице-президенті Анна Артамонова.


Маусым айының басында, алаяқтар бір реттік құпия сөздерді, соның ішінде push-хабарлама арқылы келетін құпия сөзді біліп алғаны айтылған еді. 

Соңғы жаңалықтар