"Мәйіт дезинфекцияланады": Алматыда COVID-19-дан қайтыс болғандардың қалай және қайда жерленетіні мәлім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мәйіт дезинфекцияланады": Алматыда COVID-19-дан қайтыс болғандардың  қалай және қайда жерленетіні мәлім болды

"Мәйіт дезинфекцияланады": Алматыда COVID-19-дан қайтыс болғандардың қалай және қайда жерленетіні мәлім болды

Алматыда COVID-19-дан қайтыс болған адамдарды жерлеу рәсімі қалай жүзеге асырылатынын Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы Айзат Молдағасимова айтты.

  • 30 Наурыз 2020
  • 713
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, жерлеу бойынша алгоритмді жедел штаб мақұлдаған.

«Осы алгоритмге сәйкес, адам қайтыс болған жағдайда, марқұмның денесі ашылмайды. Мәйіт дереу дезинфекцияланады, белгілі бір қорғаныс құралдарында сақталады … Жерлеуге қатысатын адамдардың саны шектеулі болады. Қазір жерленетін полигон анықталды. Бұл алгоритмдер, әсіресе қауіпті инфекциялардан қорғау мәселесі мен санитарлық ережелерде бар. Яғни, бұның бәрі қазірдің өзінде қамтамасыз етілген. Кремация жасалмайды», — деді Айзат Молдағасымова .

Ол арнайы полигонның қаладан тысқары жерде орналасқанын айтты.


Соңғы жаңалықтар