«Мәйіттер жууға келмейді»: Түркияда жүрген қазақ алапат зілзаланың адам шошырлық жайттарын айтты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мәйіттер жууға келмейді»: Түркияда жүрген қазақ алапат зілзаланың адам шошырлық жайттарын айтты (ВИДЕО)

«Мәйіттер жууға келмейді»: Түркияда жүрген қазақ алапат зілзаланың адам шошырлық жайттарын айтты (ВИДЕО)

Желіде Түркиядағы құтқару жұмыстарына қатысқан қазақ жігітінің бейне үндеуі пайда болды.

  • 16 Ақпан 2023
  • 661
Фото - Caravan.kz

Онда ол үйінділер астында әлі де көп адамның мәйіті жатқанын, егер қираған қалаларды тездетіп тазаламаса, түрлі инфекция таралуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Caravan.kz.

Қазақ жігітінің бейнежазбасы Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде пайда болды. Онда ол құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, үйінді астында мәйіттердің тым көп екенін алға тартады.

«Көптеген адам сұрап жатыр, неге маска киіп алғансыздар деп. Бірнеше себеп бар. Біріншісі, бұл қалалар қатты иістеніп жатыр. Себебі ғимараттардың астынан адамдардың денелері әлі табылмай жатыр. Екіншіден, қауіп бар екен, адамдардың денесін толық алып шықпаса, олардың денесі шіріп, инфекция таралуы мүмкін. Оба, холера сияқты аурулар таралуы мүмкін. Алла сақтасын. Жағдай өте қиын, мәйіттер өте көп. Имамдар мәйіттердің денелерін жууға келмейтінін айтып жатыр. Себебі, бәленбай уақыттан кейін табылғаннан кейін және өлі адамның денесін көп сақтаса, денесін жуғанда терісі сүйекке дейін сыдырылып, езіліп кетеді екен. Сол себепті жууға келмейді, жаназасын оқып, жерлеп жатырмыз дейді. Алла сақтасын. Әр күнімізді бағалайықшы, қазақ жастары», — дейді ер адам.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша Түркияда зілзаладан қайтыс болғандар саны 35 мыңнан асты. 


Соңғы жаңалықтар