Мәйітті суретке рұқсатсыз түсірген Телібеков полиция оқиғаны бұрмалап жеткізді деп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Мәйітті суретке рұқсатсыз түсірген Телібеков полиция оқиғаны бұрмалап жеткізді деп отыр

Мәйітті суретке рұқсатсыз түсірген Телібеков полиция оқиғаны бұрмалап жеткізді деп отыр

Бұған дейін хабарлағандай, Қазақстан Мұсылмандары одағының төрағасы Мұрат Телібеков мырза көлікте мерт болған адамның мәйітін туыстарыны

  • 21 Желтоқсан 2017
  • 744
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін хабарлағандай, Қазақстан Мұсылмандары одағының төрағасы Мұрат Телібеков мырза көлікте мерт болған адамның мәйітін туыстарының рұқсатынсыз бейнекамераға түсіргені үшін ұсталған болатын. Бұған қоса көз жұмған адамның әкесі суретке түсіруді доғаруды талап етіп, соңы жанжалға ұласқан көрінеді.Бұл жайында кеше Алматы полициясы мәлімдеген болатын.

Дегенмен Телібековтың өзі мұны жалған деп отыр. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады. Дінтаншуы ол жайында әлеуметтік желіде былай деп жазған:

«Тілші ретінде қоршаудың ар жағында тұрып оқиғаны телефонның камерасына түсірдім. Бірақ менің назарым мәйітте емес, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қалай жұмыс істеп жатқанында болды. Ал маған туыстарынан ешкім фотоға, видеоға түсірме деп ескерту жасаған жоқ», -дейді.

Оның айтуынша, тәртіп сақшылары бірден келіп түсірген суреттерді өшіруді талап етіп, телефонды тартып алуға тырысқан. Сол кезде белгісіз екі адам жабыла кетіпті.


«Менің бар кінәм, сол маңда тұрып суретке түсіріп тұрған жүздеген адамның ішінен жалғыз өзім полицияның фото мен видеоны өшіруді бұйырған заңсыз талабын орындамай қойғанымда», -дейді дінтанушы.

Соңғы жаңалықтар