Жарияланды: 11100

Майра Ілиясова Төреғали Төреәлі ұрған жігіт туралы: "Ол сұғынып, не ішіп-жеп қарауы мүмкін"

Майра Ілиясова Төреғали Төреәлі ұрған жігіт туралы: "Ол сұғынып, не ішіп-жеп қарауы мүмкін"

Төреғали Төреәлінің "Көлсай көлдері" Ұлттық саябағындағы жағдай туралы Майра Ілиясова пікір білдірді. Ол әріптес інісін жамандыққа қимайтынын, Төреғалидің ешкімге тектен тек тиіспейтінін айтты.

 Бұл туралы ол "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Төреғали туралы естіп жүрегім ауырып қалды. Мен Төреғалиді ылғи жақсы жағынан көремін. Ол шынында да нағыз жұлдыз, нағыз талант. Тума талант. Бірақ Төреғалиде бұрынғы батырларымыздағыдай қайсарлық бар, анау мынауға намыстанып кететіні бар. Ана баланың сөзіне кішкене таң қалып қалдым. Екеуі сөйлесіп тұрғанда, бұл бала болмаған бұл "сосын келдік" деп айтып тұр. Ал ол "сүйтті, бүйтті" деп әңгіме айтып тұр. Осы жеріне біздің тергеу жағы назар аудару керек. Өйткені, ол екеуі бір-біріне қарап тұрған кезде бұл бала болмаған, қасында тұрғандай айтып тұр. Ол адам қалай қарады мәселе сонда. Қазір жасыратыны жоқ әйел тектес ер адамдар көбейіп кетті. Ол сұғынып қарауы мүмкін, не ішіп-жеп қарауы мүмкін. Ол жерде Төреғали спорт киіммен жай ғана жүр. Соны сыни көзбен қараған болуы мүмкін. Ол тектен тек ешкімге тиіспейді. Осы қарапайым, бұдан да сұмдық нәрселер болып жатыр. Бірақ, өкінішке орай танымалдылық бізде осындай кезде кесірін тигізеді. Сондықтан түймедей нәрсені түйедей қылып, адамның жүрегін ауыртады. Сондықтан өз басым дұрыс шешіледі деп ойлаймын. Бір отбасы ажырасып жатқанда 50-де 50 болады ғой. Оған екеуі де кінәлі болады. Сондықтан бір нәрсе Төреғалиді шамдандырған. Мен солай ойлаймын. Өйткені, біз жақын жүрміз, жиі концертке шығады. Қасымызда жүреді. Тойда кезігеміз, ешқашан дөрекілігін көрген жоқпыз. Өте мәдениетті, мен сол жағынан көріп жүрмін сондықтан өнердегі үлкен апайы ретінде жүрегім ауырады.", - деді Төреғали Төреәлі.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін