Майра Мұхамедқызы басшылық қызметке тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Майра Мұхамедқызы басшылық қызметке тағайындалды

Майра Мұхамедқызы басшылық қызметке тағайындалды

Белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалды.

  • 11 Қаңтар 2021
  • 741
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қалалық опера және балет театрының жаңа басшысын мекеме қызметкерлеріне таныстырды.

ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі.

Ол 1969 жылы 9 мамырда ҚХР-да дүниеге келген. Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген.


Репертуарындағы көптеген шығармалар Қазақстан сахнасында бұрын соңды орындалмаған. Опералық және концерттік репертуарын асқан талғампаздықпен таңдап, үлкен еңбекқорлық пен ізденістің үлгісін көрсетіп келеді.

Соңғы жаңалықтар