Жарияланды: 250

“Махаббат ажырасқанға қарамайды” Блогер қыз Алмас Кішкенбаевтың сезіміне жауап берді

“Махаббат ажырасқанға қарамайды” Блогер қыз Алмас Кішкенбаевтың сезіміне жауап берді

Қазақстандық танымал блогер қыз Айгерім Абдуллаева өзінің су жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Опмай-опмай" бағдарламасына сұхбат берген блогер қыз Алмас Кішкенбаевпен арасындағы байланысты айтып берді.

"Менің өнерімді қолдап инстаграмына салғанына қуанып қалдым. Үлкен рахметімді айтамын. Және ол жерде жазылған сөздер әзіл ретінде жазылған сөз деп ойлаймын. Ең бірінші маған оны Нұрдәулет айтты. Алмас Кішкенбаевтың сторисін көрсетті. Халық шулап жатыр ғой, бірақ мен кездесуге шақырса шықпас едім. Себебі мен оны шынайы қабылдаған жоқпын.

Жалпы махаббатқа келгенде өз принциптерім бар, махаббат жасқа, бойға, түрге, ажырасқанға қарамайды. Бастысы жүректер бір-біріне бұрып тұрса болды" - деп сөзін аяқтады блогер қыз.

Жақында ғана жаңа бейнебаяны жарыққа шыққан Айгерім, екінші жаңа әнін дайындап жатқандығын айтты.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін