Махаббат бекеті-2: Баян Алагөзова жаңа кинокартинаның түсірілімін бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Махаббат бекеті-2: Баян Алагөзова жаңа кинокартинаның түсірілімін бастады

Махаббат бекеті-2: Баян Алагөзова жаңа кинокартинаның түсірілімін бастады

“Махаббат бекеті”. Кезінде дәл осы фильм Баян Мақсатқызының кино әлеміндегі жұлдызын жақты.

  • 5 Шiлде 2018
  • 131
Фото - Caravan.kz

Бүгінде ел танитын продюсер аталмыш кинокартинада Гүлназдың рөлін сомдады. Араға жылдар салып, Алагөзова кинотуындының жалғасын түсіруге кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Махаббат бекеті-2” фильмінің түсірілімі күні кеше басталды. Бұл хабарды қуана хабарлаған продюсер фильмде басты рөлді сомдайтын актерлерді көрсетті.

“Біздің бас кейіпкерлермен сіздерді таныстырсам деймін. Олар Әйгерім Мақсұтова мен Асқар Ілиясов”, – деп жазды Мақсатқызы.


Айта кетейік, осы уақытқа дейін он шақты фильм мен телехикая түсірген продюсер әрдайым бір командамен жұмыс істейді. Бұл жолы да Алагөзованың кинокартинасына Ернар Нұрғалиев режиссерлік етпек.

Соңғы жаңалықтар