Жарияланды: 790

Махаббат туралы өлеңдер

Махаббат туралы өлеңдер

Махаббат туралы өлеңдер.

 

                                                            Махаббат па?

Махаббат па?

Махаббат болған еді.

Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,

Тапты да,түсірді ғой торға мені.

 

Махаббат па?

Махаббат болған менде.

Жиі барғам аққулар қонған көлге,

Ал қазір тоңған жүрек,солған кеуде.

 

Ғашықтық па?

Ғашық та бола білгем.

Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен,

Жанымменен сүйемін,жанарыммен.

 

Сағыныш па?

Қалай оны тауыса аламын.

Сағынғанмын,шөлдегем,

Ақыры шаршағаным,шаршағаным.

 

Сүйгенім бе?

Сүйгенім өмірде емес.

Ұйықтасам, түнде түсім, көңілде елес,

Өлгенше кетер емес көңілден еш...

                                                                                                                                          Мұқағали Мақатаев

 

                                                                 О, махаббат!

О, махаббат,

сен әлі тірі ме едің?

Көзімнен ғайып болған күнім едің!

 

Гүлім едің,

Елтіген түнім едің.

О, махаббат сен әлі тірі ме едің?!

Мен сені ұмытқанмын

Жылытқаның есте жоқ, суытқаның,

Суып қаным,

Жинағам құрып хәлім.

Құлаған отауымның уықтарын,

Содан бері мен сені ұмытқанмын.

 

О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?

Тірі болсаң, мен де енді тірілемін

Ақ періште алдына жүгінемін,

Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!

                                                                                                                                                 Мұқағали Мақатаев

 

- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім

- Отқа түсіп өртенсем не етер едің?

- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім

- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

- Жел боп қуып ақыры жетер едім

- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

- Қойшы сәулем, бәрін де көтеремін!

                                                                                                                                                 Мұқағали Мақатаев


 

Махаббат пен сұлулыққа сенгелі алғаш тапқан сұлуымсың сен менің.

Сенде бірақ тіршілік жоқ, ең абзал қуыршақсың қиып тіккен қағаздан.

Қағазым мен қаламыма сенгелі ойлап тапқан сұлуымсың сен менің.

Сұлуымсың ойлап тапқан оңаша, сондықтан да толқытасың мені аса.

 

Көкірегіңді от боп қарып жыр тілі шыланбайды сенің қайқы кірпігің.

Сөз айтқанда сырлы тілдер нендей бір, бетіңе қан ойнап шыға келмейді.

Сүйдім сені, көп жүдедім, көп аздым, – ерінінде от бола ма қағаздың!

Қағазға арнап қағаз сөзді жазғалы өзім қағаз болып кете жаздадым.

 

Қағаз-сұлу, қағаз-гүлдер, қағаз-жыр, көз алдымда парақ-парақ қағаз жүр.

Қағаз-қыздар сұлу бірақ, білдім мен: қағаз-гүлдің өмірі ұзақ шын гүлден...


Махаббатты серік қып балдан шырын,

Міне,адамдар тағы бір арман шыңын.

Өтінерім, қашанда тату болып,

Жетегінде кетпеңдер алдамшының.

 

Махаббаттың білгенге мың қатпары,

Ол-сезімнің сәбиі құндақтаулы.

Адамдардың өзіне байланысты,

Арзандауы немесе қымбаттауы.

 

Халық деуші еді,қосылып жұп болыңдар,

Жұп болыңдар, еліме құт болыңдар.

Тілерім тек сыйластық қалсын мәңгі,

Зымыраумен сырғыған, біткен күнде әрі.

 

Болғанда өмір-арманың, уақыт-жүрек,

Несібесін әркімдер татып білед.

О,жұбайлар жалғасы келешектің,

Осы тосты алыңдар бақыт тілеп.

 
Білемін, сүйем, әйтеуір, құлап-талып,
Дүниенің барлығы жырақ қалып.
Сені мен түсіне алмай жүрмін,
Көргенім жоқ алдында сыр ақтарып.
 
Сені аңсаймын көзімнен жас ағыла,
Көбейді ғой бұл күнде уайым-қайғы.
Сыр ашпаймын еш жанға,сенсең егер,
Біреу сенің орныңды басады ма?
 
Сезім қолдан ешқашан жасалмайды,
Ол саған да, маған да қашанда әйгі.
Неге екенін білмеймін, саған деген,
Ынтық жүрек аптығын баса алмайды.
 
Неге болса да тек сені сүйіп кетем,
Сенің даусың қол жетпес биікке тең.
Жүрегіммен, жаныммен сені мәңгі,
Қол жетпейтін шынардай биіктетем.
 
 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін