"Мақпал апам бір нәрсе деп еді, жамағат екіге жарылды": Танымал журналист Жүнісованы сөз қылған ел туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мақпал апам бір нәрсе деп еді, жамағат екіге жарылды": Танымал журналист Жүнісованы сөз қылған ел туралы

"Мақпал апам бір нәрсе деп еді, жамағат екіге жарылды": Танымал журналист Жүнісованы сөз қылған ел туралы

Танымал журналист, Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Шыңғыс Мұқан елде болып жатқан соңғы оқиғаларға тоқталды.

  • 11 Қыркүйек
  • 114
Фото - Caravan.kz

Ол Мақпал Жүнісованың да ел алдында қызу талқыға түскені туралы ойын білдірді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Баспагер өз ойын желідегі парақшасында жеткізді.

«Әлеуметтік желіде отыратындардың көбі тобыр. Ақылды дүние жазсаң, оқымайды. Ерігіп отырып бірдеңе деп қырта салсаң, хит боласың. Қыртқанда да, кез кез келген қисынсыз бір нәрсені жаза сал. Өтірік болса да болады. Төнеу күні бір әйел “Кедейлер ғана кітап оқиды” дегені сол еді, бүкіл елдің құлағы елең ете қалды.

Кеше біреу “Қазақ тілінің 70% араб сөздерінен тұрады” деп еді. Бәрі талқылап кетті. Мақпал апам бір нәрсе деп еді, әлеуметтік желідегі жамағат екіге жарылды. Халықтың басым бөлігінің деңгейі осы: дені дұрыс адам қыстырмайтын қысыр әңгіме.

“Көпте ақыл жоқ…” деп дөп бағасын беріп кеткен ғой Әбекең. Ессіз елге керегі сол. Тема табылса болды, бір-бірімен ырылдасып жатады.

P.S. “Сары сайттар” да тобырдың психологиясын әбден меңгеріп алған: “Бұрынғы “замәкім” халықты тобырға теңеді” деген тақырыппен жаңалық таратса таңғалмаймын. Сосын, “Өзі кім екен?..” деген комменттер кетеді небір», — деді журналист.