Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ораз Әлімбковтің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол Ринат Балғабаевтың әнші туралы әжуа жазба жазғанын айтты.
«Мақпал Мақпал болып қала береді…
Жер-әлем Пи Диддидің оқиғасын екі қалып, бір туғанынандай талқылап жатыр. Біздің қазақтар да қалысып жатқан жоқ. Бірақ осы тұста Ринат Балғабаев бір әжуа жазба жариялапты.
Онда Мақпал Жүнісова әншімізді келеке еткен екен. Онысы ұят енді. Ринаттың қағытпа сөздің шебері екенін білеміз, бір ауыз әзілмен-ақ қоғамдағы талай тақыраптарды көтеріп жүрген азамат. Бірақ бояушы бояушы дегенге сақалын бояпты дегендей, Мақпалды күлкі еткені жөн болмады.
Мақпал қазақ эстрадасында өзіндік орыны бар күміс көмей әнші. Қазақтың ерке қызымын деп еркелеп жүріп, артық кеткен кездері де болған шығар. Бірақ ол қатесін мойындады, халық алдына шықты, халық та оған түсіністікпен қарап жатыр. Енді беті жазылып келе жатқан жараны қайта-қайта тырнайтындай не көрінді?!.
Мақпалдың сондай күйге түскенін көру қазақ халқына да ауыр тиген болар деп ойлаймын. Жастайымыздан әндерін тыңдап, сахнада бал-бұл жайнап жүргенін көріп өскеннен кейін бе, жаныңа батады екен. Осы тұста өзінің әзіл-оспағына Ринат Мақпал сияқты қазақ қоғамында сыйлы адамдарды тықпаса екен деген бір ауыз бұйымтай бар.
Ер жігіт болып үп-үлкен әйелді күлкі еткені еркектің ісі емес. Мақпалдың басынан не өтпеді, көріп жүрміз ғой, шоу-биз болған соң… Тіпті күлгісі келіп бара жатса, басқа біреуді мысалға алу керек еді..
Эх, бірі кем қу дүние-ай!», деп жазды.