Малайзия Астананың дамуына өз үлесін қосады
![]() |
Малайзия Астананың дамуына өз үлесін қосады. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты кездесуден кейінгі брифингте Малайзияның Премьер-министрі Наджиб Тун Абдулл Разақ айтты. |
«Нұрсұлтан Назарбаевтың өтініші бойынша Малайзия Астанада ғимарат тұрғызуы қажет және ол Малайзия дизайны мен сәулеті бойынша салынатын қонақүй болуы мүмкін. Бұл біздің Астананың дамуына қосқан үлесіміз болады», - деді ол.
Сондай-ақ Қазақстан мен Малайзияның мұнай-газ саласында ынтымақтастық туралы уағдаласқандығын айта келе Н.Разақ, Елбасының Petronas компаниясын Қазақстандағы мұнай-газ жобаларын дамытуға қатысу келіссөздерінің қарқынды бастауға шақырғаны үшін алғысын білдірді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін