Малайзия билігі із-түссіз жоғалған ұшақты тапқанша іздеуді тоқтатпауға уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзия билігі із-түссіз жоғалған ұшақты тапқанша іздеуді тоқтатпауға уәде берді

Малайзия билігі із-түссіз жоғалған ұшақты тапқанша іздеуді тоқтатпауға уәде берді

Малайзия билігі Malaysia Airlines компаниясының із-түссіз жоғалған ұшағын тапқанша іздеуді тоқтатпайды.

  • 16 Маусым 2014
  • 365
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елдің Көлік министрі Хисамуддин Хусейн мәлім етті.

«Лайнердің жоғалғанына 100 күн болды. Оның жоғалуы малайзиялықтар мен өзге елдер тұрғындарының жүрегін ауыртып отыр. Біз ұшақ табылғанша оны іздеуді тоқтатпаймыз және тоқтата алмаймыз», — деді ол.

Министр «Малайзия билігі жоғалған ұшақ жолаушыларының туыстары алдындағы міндеттемесінен бас тартпайтынын» атап өтті.

Бұрын хабарланғандай, Malaysia Airlines компаниясына тиесілі «Боинг-777» ұшағы биылғы жылы 8-наурызда бауырын жерден көтергеннен кейін көп ұзамай жоғалып кеткен болатын. Куала-Лумпур-Бейжің бағытын бетке ұстаған лайнерде 227 жолаушы мен экипаждың 121 мүшесі болған. Сарапшылардың пікірінше, ұшақ белгісіз себептермен бағытын өзгертіп, Үнді мұхитына құлаған болуы мүмкін.

Лайнерді іздеу жұмыстары әзірге еш нәтиже бермей отыр.