Аталған құжатқа сәйкес, Бинари университеттік колледжі қазақстандық жастар үшін жоғары оқу орнынан кейінгі 10 білім беру стипендиясын бөліп отыр. Колледждің атқарушы директоры Джозеф Абдекалам атап көрсеткендей, стипендиялар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша берілмек. «Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер біздің Интернет сайтымыз арқылы өз өтініштерін бере алады. Негізгі талап бойынша олардың жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі 3,5 ұпайдан төмен болмауы тиіс», — дейді Д.Абдекалам.
Малайзияның Бинари университеттік колледжінің Интернеттегі сайты — www.binary.edu.my