Малайзиялық Boeing-тің апат орнына барған халықаралық бақылаушыларға оқ жаудырған - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзиялық Boeing-тің апат орнына барған халықаралық бақылаушыларға оқ жаудырған

Малайзиялық Boeing-тің апат орнына барған халықаралық бақылаушыларға оқ жаудырған

Халықаралық сарапшылар және ЕҚЫҰ бақылаушылар тобы малайзиялық Boeing-777 құлаған орынға жетісімен оларға біреулер оқ жаудырған, деп жазады rosbalt.ru.

  • 1 Тамыз 2014
  • 489
Фото - Caravan.kz

РИА "Новости" таратқан ақпаратқа сүйенсек, эксперттер дәл қазіргі сәтте жұмысты жалғастыру-жалғастырмау жайын ақылдасуда. Жапа шеккендер жайында мәлімет жоқ.

Бұған дейін France-Presse агенттігі оқиға орнында бірнеше рет жарылыс болды деген де хабар таратқан.

Еске сала кетейік, Амстердам (Нидерланды) — Куала-Лумпур (Малайзия) бағытындағы Malaysia Airlines компаниясының «Боинг 777» ұшағы Украина аумағында шілденің 17-сінде апатқа ұшырап, оның бортындағы 298 адам қаза болған еді.