Оның айтуынша, ол із-түссіз жоғалып кеткен малайзиялық ұшақ болуы мүмкін, деп жазады британдық «Дейли телеграф» басылымы.
«Біздің яхта 8-наурыз күні Таиландқа жақын маңда тұрды. Мен көрген нәрсе өртенген ұшаққа қатты ұқсайды. Оның ізінен шұбалған қара түтін көрінді. Бірақ, мен есімнен адасқан шығармын деп ойладым», — дейді ол.
К.Ти мұны жолдасымен арадағы келіспеушілік пен уайымның салдарынан көрінген елес болуы мүмкін деп есептеп, бұл оқиға туралы ұзақ уақыт бойы жақ ашпапты. Кейін GPS-навигация жүйесіндегі мәліметтерді Малайзия билігінің ұшақтың ұшу траекториясына қатысты деректерімен салыстырып көрген ерлі-зайыптылар Кэтриннің дәл сол лайнерді көргеніне көз жеткізген.
Сонымен қатар, ол өртенген ұшақтың қасында тағы екі лайнер болғанын айтады.
«Дәл сол сәтте «Боингтың» үстінде қарама-қарсы бағытта тағы екі ұшақ ұшып бара жатты. Олардың навигациялық шамдары самаладай жарқырап тұрды. Мен егер ұшақ шынымен де өртеніп бара жатса, әлгі екі лайнер хабар берер еді ғой деп ойладым», — дейді К.Ти.