Malaysia Airlines акцияларының 69% ие Khazanah Nasional мемлекеттік инвестициялық компанияның ақпаратына қарағанда, бұл шешім шығындарды азайту қажеттілігінен туындаған. Қазіргі уақытта әуе компаниясында 20 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
Компания басшылығын да ауыстыру ойда бар.Қазіргі бас директор Ахмед Джаухари Яхья қызметінде 2015 жылдың шілдесіне дейін болады.
Malaysia Airlines ребрендингі шамамен 1,9 млрд доллар болмақ.
Биыл екі ұшағының апатқа ұшыруы компанияның көрсеткіштеріне теріс ықпал етті.
8-наурыз күні Malaysia Airlines ұшағымен байланыс жоғалған, Boeing-777 бортында 239 адам болған.
Компанияның тағы бір Boeing-777 17-шілде күні Украина шығысында апатқа ұшырады, бортында 298 адам болған, бәрі де қаза болды.